Аудан әкімдігінің 3 бөлім басшысы «Прокуратура туралы» конституциялық заңды бұзған
Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық әкімдігінің ТКШ, қаржы және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары «Прокуратура туралы Конституциялық Заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Самар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуіне талдау жүргізу нәтижелері бойынша азаматтардың заңды құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін жүзеге асыру үшін қажетті бірқатар НҚА жоқ екенін анықтады.
«Осы дерек бойынша прокуратура қадағалау актісін енгізді. Алайда 3 салалық бөлімнің жауапты басшылары ұсынымда көрсетілген заңбұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдамаған, бұл үшін олар ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша әрқайсысы 8 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Әкімшілік ықпал ету шараларын жедел қабылдағаннан кейін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілді, тағы 7 НҚА дәйектеліп, келісімдеу үшін жіберілді.