Елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады
Синоптиктер 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі әлі де атлантикалық циклон ықпалында болатындықтан, жауын-шашынсыз аязды ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жауын-шашын, көбінесе қар түрінде өтеді, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 13-15 градус аяз болвды.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 3-5 градус аяз болуы мүмкін.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады.