EuroMillions-қа тоғыз ел қатысады
Франция азаматы EuroMillions лотереясында 2024 жылғы алғашқы джекпотты – 88 миллион еуроға (43 млрд 342 млн теңге) жуық ақшаны ұтып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы BFM TV лотереяның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Кеше түнде EuroMillions джекпотын 2024 жылы алғаш рет ұтып алды. Жүлде барлық ұтыс нөмірі сәйкес келген және €87,9 миллионға қол жеткізген француз азаматына бұйырды. Ұтыс иегері жүлдесін 60 күн ішінде алып кете алады», - делінген хабарламада.
Лотереяда сондай-ақ тағы үш ойыншы, оның ішінде Франциядан келген тағы бір адам жеңіске жақын болған.
«Франция азаматтары еуропалық лотереяның джекпотын 125-рет ұтып алып отыр. Ал Ұлыбритания азаматтары бұл лотереяны 126 рет ұтып алған», - дейді лотерея ұйымдастырушылары.
Тоғыз ел қатысатын EuroMillions-тің келесі ұтыс ойыны 19 қаңтарға жоспарланған. Ал суперұтыс артынша бір аптадан кейін, 26 қаңтарда өтеді. Онда 130 млн еуро көлеміндегі кепілді ұтыс сомасы бар джекпот ойнатылады.
Тақырыпқа орай: Арнайы операция: ІІМ мен ҰҚК ірі онлайн-казино желісінің жолын кесті
Айта кетерлігі, аталған лотереядан 2020 жылдың 15 қазанында Францияның тағы бір тұрғыны 220 млн еуро, ал 2022 жылы Англия тұрғыны ең үлкен джекпот - 230 млн еуроны ұтып алған болатын.