$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ішкі істер министрі өзімен қалай тікелей байланысқа шығуға болатынын айтты

Сәденов ел тұрғындарының кері байланысы өте маңызды екенін айтты

Ішкі істер министрі өзімен қалай тікелей байланысқа шығуға болатынын айтты
Polisia.kz

Ішкі істер министрі  Ержан Сәденов ел тұрғындарына өзімен қалай байланысқа шығуға болатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол желідегі парақшасында биыл ІІМ-де кадр сапасын жақсарту жылы екенін атап өтті.

«Ауқымды әрі жауапты істі қолға алдық. Бұл ретте ел тұрғындарының кері байланысы өте маңызды. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Өзімнің Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жеке парақшаларымның бар екенін еске саламын. Осы парақшалар арқылы менімен байланысқа шығуға болады. Ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары күндіз-түні қызметте. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 14,5 мыңнан астам Ұлттық ұлан әскері мен полиция қызметкерлері жұмылдырылады.

«Әр қызметкердің алдына қойылған басты мақсат – арыз-шағымдарды жылдам әрі кәсіби түрде қарастырып, әрекет ету. Полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуді жалғастырамыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары