Барлығы індетке шалдыққандармен қарым-қатынаста болған
Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған 9 жағдайдың барлығы Шиелі ауданында тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
«Науқастардың үшеуі ер адам, алтауы әйел адам. Ең жасы 2012 жылғы, ең үлкені 1944 жылы туылған. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға орналастырылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, олар арнайы ауруханаға ауыстырылды», - делінген ақпаратта.
Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.