Атырау облысында жаңа бас санитарлық дәрігер тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол облыстағы Ұлттық сараптама орталығындағы қызметін қоса атқарады

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 8 сәуірдегі бұйрығымен Атырау облысының жаңа бас санитарлық дәрігері болып Темірбек Мұсағалиев тағайындалды.

Жаңа лауазым иесі Ұлттық сараптама орталығының Атырау облыстық филиалы басшысының міндетін атқарып келген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақтың жаңа бас санитарлық дәрігері Қарағанды медициналық институтын бітірген, 1985 жылдан бастап Атырау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер болып жұмыс істеді.

2003 жылы Атырау қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментін басқарды. 2018 жылдан бері Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментін басқарған.

Темірбек Мұсағалиев жаңа міндеттерін облыстық Ұлттық сараптама орталығындағы жұмысымен қоса атқарады, - делінген ақпаратта.