ҚР СІМ қазақстандықтың Қытайда ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Айбек Смадияров аталған азаматтың Қазақстанға аман-есен оралғанын атап өтті

Фото: t.me/pressmfakz

СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытай полициясының Қазақстан азаматын ұстауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен бұл ақпаратты білемін. Бір қызығы, бұл адам Қазақстан азаматтығын алды. Бірақ бірнеше жыл бұрын ол Қытай азаматы болған кезде жол апатына ұшырады. Алайда ол екінші тараппен мәселені шешпей, Қазақстанға кетті. Бұл жолы ол Қытайға келгенде, жергілікті полиция одан бұл мәселені шешіп, содан кейін әрі қарай жүруді талап етті», — деді СІМ өкілі.

Айбек Смадияров аталған азаматтың Қазақстанға аман-есен келгенін атап өтті.

«Қазір ешқандай проблема жоқ. Ол өз мәселесін екінші тараппен шешкеннен кейін, ол төлқұжатын алып, Қытайдан кетіп қалды. Қамауға алу фактісі мен зорлық-зомбылық болған жоқ. Қазір ол Қазақстанға оралды», - деді Смадияров.