Әкімдік 1074 рет жоспардан тыс тексеру жүргізген
Алматыда заңсыз салынған құрылыс нысандары тоқтамай тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ақпараттық агенттігі.
Қаласы құрылысын бақылау басқармасы заң талаптар мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 174 талап-арызды сотқа жолдады. Оның 81-і қанағаттандырылды, 93-і қаралып жатыр.
«Бұл ретте, 86 талап арыз бұзуға жіберілді, 41 талап-арыз бойынша оң сот шешімі шығарылды, 45-і қаралып жатыр. Нұсқаманы орындауға 88 талап қойылды, оның ішінде соттар 40 талап-арызды қанағаттандырды, қалғандары қаралуда. Соның нәтижесінде 22 нысан бойынша бұзу жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бақылау функциялары аясында өткен жылы басқарма жоспардан тыс 1074 тексеру жүргізген. Көбіне қала тұрғындарының шағымы негізінде тексеріс жүргізіліп, мамандар 1140 бұзушылықты анықтады.талап
«Бұзушылықтарды жоюға 634 нұсқама берілді. Сапасыз құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Салынып жатқан нысандар бойынша толық әрі соңғы ақпарат алу үшін азаматтарға арнап анықтама желісі іске қосылды. Былтыр басқармаға 3 мыңнан астам өтініш келіп түскен.