Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде
Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 4 жағдай туралы ақпарат анықталды. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше ауру жұқтырғандардың үшеуі Шиелі ауданында, біреуі Арал ауданында тіркелді. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.
«ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», - делінген ақпаратта.
8 сәуірдегі жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 76 адам анықталды:
Қызылорда қаласында – 9 жағдай,
Жаңақорған ауданында – 16,
Қармақшыда – 4,
Шиеліде – 38 жағдай,
Сырдария ауданында-7 жағдай,
Арал ауданында – 2 жағдай.