$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«1 млн доллар»: БҚО ірі шаруа қожалық иелерін бопсалаған тұрғын ұсталды

Айғақ ретінде 4 млн теңге тәркіленді

«1 млн доллар»: БҚО ірі шаруа қожалық иелерін бопсалаған тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтарын бопсалаумен айналысқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy.

Жеңіл пайдаға кенелмек болған күдіктіні Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады. Күдікті етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС-нің құрылтайшыларын бопсалаумен айналысқан. Күдікті бір миллион АҚШ долларын беруді талап еткен.

«Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды», - делінген хабарламада.

 Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау).

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді

Серіктес жаңалықтары