3 облыстағы республикалық жолдарда қозғалыс шектелді

Автор: Azattyq Rýhy

Жамбыл және Түркістан облыстарындағы жолдарда жүк көліктері үшін шектеу енгізілді

Фото ашық дереккөзден

3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында – 2 учаске:

1. «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырымы, Айша-Бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін – 59 км.

2. «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 159-238 шақырымы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін – 79 км.

Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске:

1. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» автожолының 65-194 шақырымы, Возвышенка ауылынан Қиялы ауылына дейін – 129 км.

2. «Көкшетау-Омск» автожолының 213-280 шақырымы, Кішкенекөл ауылынан РФ шекарасына дейін – 67 км.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.

Түркістан облысында – 1 учаске:

1. «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-654 шақырымы, Жамбыл облысының шекарасынан Жібек Жолы ауылына дейін (Машат өткелі).

Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді. 

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 827 бірлік техника және 1533 жолшы жұмылдырылды.