Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген хабарлады.
Асхат Оразбай 1960 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. 1985 жылы В.И.Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетін бітірген.
1982-1983 жылдары Ауғанстанда әскери аудармашы болды.
2004 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.
2008-2012 жылдары Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі болды.
2012 жылғы 4 шілдеден 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін – Қазақстанның Индонезия Республикасындағы Елшісі.
2015 жылғы 20 тамыздан 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін – Қазақстанның Филиппин Республикасындағы Елшісі толық емес жұмыс күні.
2019 жылдың қаңтарында ол Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшісі қызметін қабылдады.
Бұған дейін Асхат Тұтқышбайұлының Қазақстанның Ирандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылғанын хабарлаған болатынбыз.