Президенттің арнайы жарлығы шықты
Асхат Оразбай Қазақстанның Ирандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.