Ақтөбеде жоғалған 13 жасар жасөспірім іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция жасөспірім туралы ақпараты бар адамдардың хабарласуын сұрайды

Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбеде 9 қаңтар күні үйінен шығып, қайта оралмаған жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысының полиция департаменті 9 қаңтар күні сағат 23:00-де үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған Әділ Назеновке іздеу жариялады. 2011 жылы туған жасөспірімнің үстінде қою жасыл түсті күрте, қара шалбар, ақ түсті жейде мен қара аяқ киімі болған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қандай да бір ақпарат білген адамдардың 102 немесе 8771 785 10 58 телефондарына қоңырау шалуын сұрайды.