Жетісу облысында 77 мың баланың құқығы бұзылған – прокуратура

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі

Видеодан кадр

Жетісу облысында былтыр 80 мыңға жуық баланың құқығы бұзылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша кәмелеттік жасқа толмаған нақты 77 мыңнан астам баланың құқығы қорғалған. Президент өзінің жолдауында да балалардың конституциялық құқықтарын бұзуға жол бермеу керектігін баса айтқан. Соған қарамастан балалардың құқықтары мен мүдделері елімізде жиі бұзылады. Балаларды озбырлықтан, алдап-арбаудан жан-жақты қорғау прокуратура органдарының ең негізгі міндеттерінің бірі.  

«Талдықорған қаласы прокуратурасы жүргізген талдаумен облыстың балабақшалары тарапынан балалардың тамақтану жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады. Бақылау нәтижелері бойынша апта сайынғы мәзір санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтірілді, технологиялық карталар әзірленді. Қаладағы 40 мың бүлдіршіннің құғыын қорғадық. Прокурорлар соңғы екі жыл ішінде 8 мың оқушының негізгі заңмен кепілдендірілген жыл сайынғы медициналық тексеруден өтпегенін анықтады. Бұл бұзушылықтардың барлығы прокуратураның араласуынан кейін жойылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Өткен жылы балаларды бұқаралық ақпараттандыру және өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту мақсатында аудандар мен қалалардың білім бөлімдерімен бірлесіп 1741 нұсқама, 3262 дәріспен әңгімелесу өткізілді, онда 49 мыңнан астам оқушы қамтылды.

«Жетісу облысының прокуратурасы облыстық білім басқармасы өкілдерінің, полиция Департаменті, қалалық білім бөлімі қызметкерлері, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өткізді. Кездесуде кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар бойынша қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі және қорқытудың алдын алу мәселелері қаралды», - деді Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Мектеп директорларына, мектеп психологтарына, ювеналды полиция қызметкерлеріне оқушылар арасында тұрақты негізде профилактикалық жұмыс жүргізіп, бала құқықтарының бұзылуына жол бермеуге нақты ұсыныстар берілді.