Оның ішінде 14-і Өзбекстан азаматы, 27-сі қазақстандықтар
Қарағанды облысында құтқарушылар бұзылған автобустың 40-тан астам жолаушысын эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 қаңтарда «Алматы-Екатеринбург» автожолында ТЖД күшімен ақаулы автобустан 41 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 14-і Өзбекстан азаматы, 27-сі қазақстандықтар.
Автокөлік «Шымкент – Тобыл» бағыты бойынша жүріп бара жатқан. Зардап шеккендер мен медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
«Дауылды ескертулер кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз және алыс қашықтыққа жол жүрмеңіздер», - деп ескертеді төтеншеліктер.