Автожолдарды тазалау жұмысы нормативтік мерзімдерге сәйкес жүргізілді
Кей ақпарат құралдарында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы басшылығының қыста автожолдардың күтімінің нашарлығына байланысты тергеліп жатқаны жайлы ақпарат тарады. Осыған орай компания түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚазАвтоЖол мәліметінше, бүгінгі күні Жамбыл облысының республикалық маңызы бар жолдарымен жүру толықтай қамтамасыз етілген және күрежолда қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ.
Жамбыл облысында республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау желісі — 883 шақырым.
Қысқы кезеңге қар жинайтын 96 арнайы техника жұмылдырылып, көктайғаққа қарсы материалдардың қажетті қоры дайындалған.
«Өздеріңіз мәлім, өткен жылғы 11-17 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында ауа райы күрт бұзылып (қалың қар, дауылды жел, шектеулі көрініс), салдарынан Жамбыл облысы әкімінің шешімімен Қордай мен Шу аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты жол учаскелерінде жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 мәрте көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді», - дейді компаниядан.
Ауа райының күрт нашарлауынан туындаған күре жолдағы қолайсыздықты жою мақсатында 120-дан астам техника жұмылдырылды, сондай-ақ көрші өңірлерден қосымша техника тартылғанын атап өткен жөн.
Автожолдарды тазалау жұмысы нормативтік мерзімдерге сәйкес жүргізілді.
«Қысқы күтіп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргізбегені үшін филиал қызметкерлері жауапкершілікке тартылғаны жөнінде ақпарат шындыққа сай келмейді», - деп ҚазАвтоЖол.