Еліміздің барлық аймағында тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжануда
«Қазгидромет» РМК ел аумағында 7 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің дерегіне қарағанда, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Жауын-шашын, көбінесе солтүстікте қарлы бұрқасын түрінде, оңтүстік-шығыста көбінесе жаңбыр жауады. Еліміздің барлық аймағында тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжануда», - делінген кәсіпорын хабарламасында.