Қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 392 бірлік техника және 599 адам жұмылдырылды

Коллаж: Azattyq Ruhy

Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Жетісу облысында - 1 учаске

  • «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. дейін - 100 км.

Қарағанды облысында - 2 учаске

  • «Екатеринбург-Алматы» 1505-1610 км, Новостройка а.-Ақсу-Аюлы к. дейін– 105 км.
  • «Екатеринбург-Алматы», Солтүстік-Шығыс айналма жолы" 0-16 км, Пришахтинск а.. - Новостройка а. – 16 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 392 бірлік техника және 599 адам жұмылдырылды.