Елімізде жалпы 51 науқас дерттен айыққан
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 1 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
7 сәуірде сағат 22:00-ге дейін елімізде жалпы 51 адам жазылып, үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 28, Алматы қаласында – 21, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1 пациент.