Түркияда жеті көлік соқтығысып, 11 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ 57 адам жарақат алды

Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Мармара тасжолының Сакария аймағында 7 көлік соқтығысқан апат салдарынан 11 адам қаза тауып, 57 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы TRT haber телеарнасы хабарлады.

Апат қалың тұман салдарынан болғаны хабарланды.

Сондай-ақ апат салдарынан Стамбул бағытындағы тасжолда көлік қозғалысы тоқтатылды.