Алматыда безендірілген көлік иелеріне айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтады

Фото: polisia.kz

Алматыда безендірілген көлік иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes және BMW көлігінің жүргізушілері темір тұлпарларын безендіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша құқық бұзған. Сондай-ақ олардың әрекеттерінен ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері анықталды.

Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты.