$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаев ісі: экс-министрдің әкесі бірнеше БАҚ үстінен арызданды

Полиция мұндай арыз түскенін растады

Бишімбаев ісі: экс-министрдің әкесі бірнеше БАҚ үстінен арызданды
Фото: tengrinews.kz

Бұрынғы Мәжіліс депутаты, әйелін қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев ІІМ басшысына бірқатар БАҚ үстінен арызданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Гиперборей» арнасына, бірқатар блогерлер мен басқа да БАҚ-тарға шағымданды.

Журналист Вадим Борейконың тұспалдауынша, арыз түсіруге кіші Бишімбаевтың жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін деген блогердің болжамы себеп көрінеді.

Полиция мұндай арыз түскенін растады.

«Полицияға арыз келіп түсті, қазіргі уақытта ол қарастырылып жатыр», - делінген Астана қалалық ПД баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев өз әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Ал 12 қараша күні Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты экс-министрдің 2 айға қамауға алынғанын мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары