Пәкістанда үй өртеніп, бір отбасының 9 адамы қаза тапты

Автор: Мира Байбек

Жылдам өршіген өрт салдарынан бір үй құлап кеткен

Photo: PC Rescue 1122

Жексенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында үй өртеніп, кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Синьхуа» агенттігінің жазуынша, бұл туралы жергілікті полиция хабарлаған.

«Тәртіп сақшыларының журналистерге хабарлауынша, оқиға Абботабад ауданында болған, онда өрт салдарынан бір үй құлап, бір отбасының тоғыз мүшесі үйінді астында қалған. Полиция қаза болған 9 адамның денесі үйінді астынан табылғанын айтты», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, өрт қысқа тұйықталудан басталып, тұрғындар өртті ауыздықтағанша тез арада бүкіл үйді шарпып кеткен.

Полицияның хабарлауынша, марқұмдардың жеке тұлғаларын анықтау үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.