Қазіргі уақытта мамандар тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізуде
Ақтау қаласындағы бірқатар шағын ауданда ыстық су мен жылуға уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақтауда 16 шағын аудандағы жылу желісінде болған ақауға байланысты 16, 17, 18, 19, 20, 20А ш/а кейбір үйлерге жылу мен ыстық суға уақытша шектеу қойылды», - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жылу желісіндегі ақау шыққан жерде «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған жұмыстарды Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев өз қадағалауына алды.
«Бізде 16 шағын аудандағы жылу желісінде ақау табылды. Соған сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу бойынша 16, 17, 18, 19, 20, 20А шағын аудандардағы кейбір үйлерге уақытша шектеу қойылды. «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің мамандары тез арада ақауды жөндеуге жұмыстанып жатыр», - деді шаһар басшысы.