Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды
Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Жол апаты 22 желтоқсанда сағат 22:00 шамасында «Астрахан – Ақтөбе» республикалық маңызы бар тас жолында орын алған.
Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Avalon және ВАЗ-2114 көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан 35 жастағы ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды.
«Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды», - делінген ПД хабарламасында.