Синоптиктер ескерту жасады
Синоптиктер бейсенбі, яғни 21 желтоқсанда елдің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.
Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с жетеді.
Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.