Құтқарушылар 300-ден астам адамды эвакуациялады
Австралияның солтүстігінде қатты су тасқыны болды, онда тәулігіне 600 миллиметрден астам жауын-шашын жауды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
160 мың халқы бар Кэрнс қаласы өзендер арнасынан асқаннан кейін су астында қалды.
Жергілікті тұрғындар үйлердің төбесіне шығуға мәжбүр болды. Бір түнде құтқарушылар шұғыл түрде 300-ден астам адамды эвакуациялады. Биліктің айтуынша, қаза тапқандар мен ауыр зардап шеккендер жоқ.
Жолдар мен теміржол желілері тоқтатылды, елді мекендер оқшауланды, әуежай жабылды, мыңдаған үйлер мен кәсіпорындар электр қуатынсыз қалды.