Малиде содырлар шабуылынан 25 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

30-дан астам адам жарақат алған

Фото ашық дереккөзден

Мали орталығында содырлардың әскери лагерь мен ауылға жасаған шабуылы салдарынан 20-ға жуық әскери қызметші мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Reuters агенттігі жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға орталық Сегу аймағында болған. Шабуылшылар Фарабугу ауылы мен жақын маңдағы әскери лагерьге басып кірген.

Ресми мәлімет бойынша, 30-дан астам адам жарақат алған.