Болжам бойынша індет жабайы аңнан жұққан
Қарағанды облысы Жарлы ауылында тағы да шектеу шаралары енгізілді. Себебі ірі қара арасында «құтырма» анықталған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Болжам бойынша індет жабайы аңнан жұққан. Қазір ауылда осы індеттен өлген екі сиыр жойылды. Иесіне нарықтық баға бойынша өтемақы төленеді. Ал ауылда мал еті мен өнімдерін сатуға тыйым салынған. Кіріп-шыққан көліктер тексеруден өтуде. Қазір ауылда эпизотияға қарсы жасақ зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.