Қарағанды облысында ірі қарадан құтырма дерті анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауылда шектеу шаралары енгізілді

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Жарлы ауылында ірі қарадан құтырма дерті анықталды. Бұл туралы ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, әзірге екі сиырдың көзі жойылған. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді.

Ветеринарлардың болжамынша, қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін. Ауылда шектеу шаралары енгізілді. Эпизотияға қарсы қызмет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Елдімекенге кіріп-шыққан көліктің бәрі тексеріледі.