7-9 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, жел болады

Қазгидромет 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Алғаш екі күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі терең Атлантикалық циклонның ықпалында болады, онымен күн күркіреп, көп жауын-шашын, екпінді жел күтіледі, республиканың оңтүстігінде бұршақ түсуі мүмкін. Ал 9 сәуірде бұлттар таралып, жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде, бұл еуропалық антициклонмен байланысты болады», - деп жазылған хабарламада.