11 облыстағы республикалық жолдардың 65 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 451 бірлік техника мен 907 қызметкер жұмылдырылды

Фото ашық дереккөзден

Ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, қарлы боран, көрінудің төменгі көрсеткіші) байланысты 11 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy QazAvtoJol компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.   

Ақмола облысында – 20 учаске Барлық бағыт бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Ақтөбе облысында – 1 учаске «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Костанай» 0-234 км, Қарабұтақ а.- Қостанай обл. шек.

Алматы облысында – 4 учаске

Жетісу облысында – 1 учаске «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.; (барлық автокөлік үшін)

Жамбыл облысында – 6 учаске Барлық бағыт бойынша (дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қарағанды облысында – 7 учаске Барлық бағыт бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қостанай облысында – 7 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Маңғыстау облысында – 2 учаске (барлық автокөлік үшін)

Павлодар облысында – 2 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Солтүстік Қазақстан облысында – 14 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Түркістан облысында – 1 учаске «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Жамбыл обл. шек.- Машат а. (жүк автокөліктері үшін)

Ұлытау облысында – 1 учаске «Қызылорда-Павлодар» 756-788 км, Жаңаарқа а. - Қарағанды обл.шек. (Жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 451 бірлік техника мен 907 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 1108 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.