Астанада ертең бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Автор: Azattyq Rýhy

Ертең елордада 25-30 градус шамасында аяз болады

Фото: inbusiness.kz

Астанада 25-30 градус шамасында қатты аяз болуына байланысты ертең де оқушылар қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасынан мәлім еті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының білім басқармасы 12 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және 1-2 курс колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауысқанын хабарлады. 

 Еске сала кетейік, бүгін елордада екі ауысымда да 0-9 сынып оқушылары үйден оқыған болатын.