«Егер әлем бізден бас тартса, жағдайымыз қиындай түседі»: Елена Зеленская Украинаға көмек туралы

Автор: Azattyq Rýhy

Украина Президенті Владимир Зеленскийдің жұбайы BBC-ге сұхбат берді

Фото: AP nuotr

Украина Президенті Владимир Зеленскийдің жұбайы Елена Зеленская егер Батыс елдері қаржылық қолдау көрсетуді жалғастырмаса, украиналықтарға «өлім қаупі» төніп тұрғанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC Russian-ға сілтеме жасап.

Украинаның бірінші ханымы АҚШ-тың республикалық сенаторлары Украина мен Израильге көмек туралы заң жобасын бұғаттағаннан кейін келесі күні BBC-ге сұхбат берді.

Заң жобасы Украинаға 60 миллиард доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетуді көздеген еді.

«Егер әлем көмек көрсетуін тоқтатса, біздің халық қиын жағдайға тап болады», — деді Зеленская берген сұхбатында. Сұхбаттың толық нұсқасы жексенбіде эфирге шығады.

«Бізге көмектесуге деген ниет жойылып кетуі мүмкін деген хабарламаларды көру өте ауыр. Біз үшін бұл өмір сүру мәселесі», - деді ол.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон осы аптада Вашингтонға сапары кезінде АҚШ Украинаны қолдайтын Батыс коалициясының «өзегі» екенін айтты.

Ол АҚШ қаржылық қолдауды тоқтатпауға шақырды.