Бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындарын пәндік кабинеттермен жабдықталады

Автор: Azattyq Rýhy

Физика, химия және биология кабинеттері жабдықталады

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен

Таңдалған жоғары оқу орны физика, химия және биология кабинеттерімен жабдықталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.

Студенттерде бұрыннан қалыптасқан білім жүйесінің барын жоғары білім дәлелдейді.Оның ішінде жаратылыстану ғылымдары қазіргі заманға тән ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру үшін қажет. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде педагогикалық бағдарламаларды жүзеге асыратын кемінде 20 жоғары оқу орнын физика, химия және биология пәндеріне арналған заманауи кабинеттермен жабдықтауды жоспарлап отыр.

Бұл жобаға қатысатын жоғары оқу орны бір уақытта физика, химия және биология кабинеттерімен жабдықталады. Бұл болашақ жаратылыстану бағытындағы мұғалімдерді дайындаудың сапасын арттыруға ықпалын тигізеді деп күтілуде.

«Жоғары оқу орындары заманауи жиһазбен, зертханалық құралдармен және оқу материалдарымен жабдықталады. Нәтижесінде инновациялық пәндік кабинеттермен жаңартылған жоғары оқу орындары студенттер үшін тартымды білім ортасына айналмақшы», - деп атап өтті ведомство.