ArcelorMittal компаниясы «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге бөледі

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Үкіетте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі хабарлады

Фото: shutterstock.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ArcelorMittal компаниясының «Қазақстан халқына» қорына қомақты үлес қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ArcelorMittal «Қазақстан халқына» қорына қомақты сома – 16 млрд теңге бөледі. Бас компаниядан алынған бұл қаржы Қарағанды ​​облысы мен Теміртау қаласындағы білім және денсаулық сақтау салалары бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады», - деді Қанат Шарлапаев.

Оның айтуынша, бұл соманың жартысы Теміртау қаласын дамытуға жұмсалса, қалғаны Қарағанды ​​облысына бөлінеді.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметі «АрселорМитталТеміртау» компаниясын 286 млн долларға сатып алғанын хабарлаған болатынбыз.