Шағын бизнесті тексеру жайлы өтініш берілген
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оның аясында оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен жатақхана әкімшілігі халық тығыз орналасқан үй-жайда өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылды пысықтады. Сондай-ақ, жатақханалар мен хостелдердың иелерімен жатақханаларда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша әңгіме өткізілді.
«Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын үйдің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүргізілді. Ең көп кездесетін бұзушылық ол - қонақ үйге өте көп адамдарды орналастыру үшін үй-жайларды бұзып қайта құрылыс жұмыстарын жасау, қолдан жасалған ток ұзартқыштары мен жылытқыштарды пайдалану, ақаулы электр құрылғылары, зақымдалған оқшауланған электр сымдары және эвакуация жолдарын бітеу, автоматты өрт дабылы мен дауыстық өрт дабылының болмауы, жабдықтың істен шығуы. Өрт дабылы және дауыстық өрт дабылының жоқтығы», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Шағын бизнесті тексеруге шектеу қойылуына байланысты бизнес иелеріне әкімшілік жазаға тартылмайды, бірақ барлық кемшіліктерді өз бетінше түзетуге мүмкіндік бар, тексеру туралы жазбаша өтініш беру ұсынылды.