Прокуратура бизнес пен инвесторлар құқығын қорғау мәселесі ерекше бақылауға алынғанын ескертеді
Ақмола облысында инвестор жер учаскесін алуда кедергілерге тап болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық прокуратура хабарлауынша, қазіргі уақытта Щучье-Бурабай курорттық аймағында «Seven Development» ЖШС отандық инвесторы 150 жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 3,3 млрд теңгені құрайтын «балалар сауықтыру орталығының құрылысы» жобасын іске асырып жатыр.
«Жобаның құжаттарын ресімдеу кезінде инвестор жер учаскесін алуда кедергілерге тап болған. Прокуратураның тапсырмаларынан (фронт-офис базасында) және кәсіпкермен өткізілген кездесуден кейін ғана уәкілетті орган жерге құқық белгілейтін құжат берді және жобаны іске асыру жұмысы жалғасын тапты», - делінген ведомство хабарламасында.
Прокуратура өкілдері бизнес пен инвесторлардың құқығын қорғау мәселелері ерекше бақылауға алынғанын ескертеді.