$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Газа секторында қаза тапқандар саны 15,5 мыңнан асты

Эксклавтың 41 мыңнан астам тұрғыны зардап шекті

Газа секторында қаза тапқандар саны 15,5 мыңнан асты
aa.com.tr

Израиль әскерінің қоршауында қалған Газа секторына жасаған шабуылдан қаза тапқандар саны 15 523-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Anadolu агенттігінің жазуынша, бұл туралы Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ашраф әл-Кудра мәлімдеді.

Әл-Кудраның айтуынша, сонымен қатар эксклавтың 41 мыңнан астам тұрғыны зардап шекті.

Палестиналық шенеунік сонымен қатар Газа секторында Израиль күштері ұстаған «Әл-Шифа» ауруханасының директоры мен 31 медицина қызметкерінен жауап алынғанын атап өтті.

Еске салайық, 7 қазанда таңертең ХАМАС қозғалысының әскери Израильге қарсы зымыранмен атқылаған. Артынша Израиль армиясы «соғысқа әзірлік» жариялап, ал 8 қазанда елдің «соғыс жағдайына» кіргенін ресми түрде жариялады. Бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан израильдік операция «Темір қылыштар» деп аталды.

Серіктес жаңалықтары