Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде
Қостанай облысының 63 жасар тұрғыны қарасорадан тағам дайындаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның үйінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасы барысында полицейлер арақ қорабынан салмағы 500 грамнан асатын өсімдік тектес заттың ұнтағын тапты.
«Ер адам шөптен денсаулыққа «пайдалы» ботқа пісіретінін айтқан. Полицейлер затты сараптамаға жіберді», - делінген ақпаратта.
ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 480 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.