Шымбұлақ жолдарына «Сергек» камералары орнатылды

Қалада жалпы саны 8 мыңға жуық «Сергек» камералары бар

Шымбұлақ жолдарына «Сергек» камералары орнатылды

Медеу — Шымбұлақ жолында жылдамдықты сағатына 40 км асырған жүргізушілерге айыппұл салынады. Тау ішіндегі жолдарға 4 «Сергек» камерасы орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Небәрі 7 шақырым тау жолындағы камералар желтоқсаннан бастап ереже бұзғандарды тіркей бастайды.

«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 4 камерасы «Медеу» биік таулы мұз айдынының шлагбаумынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі ұзындығы 7 км учаскеде орналасқан. Бұл жаяу жүргіншілер ағынының және көрсетілген бағыт бойынша жүретін электромобильдер санының артуына байланысты адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі», - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Алматыда барлығы 7 894 «Сергек» АӨК камерасы жұмыс істейді. Олар 2021 жылы «Мемлекеттік - жеке әріптестік» жобасын іске асыру аясында белгіленген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.