Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Екі аяғы да сынған әйел ауруханаға жатудан бас тартқан

Фото: lada.kz

Ақтауда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды көлік қағып кетті. Оқыс оқиғаны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Лада» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға сенбі күні түс ауа 13 және 14-шағынаудандар арасындағы тасжолда, «Кораблик» бизнес орталығына қарама-қарсы жерде болған.

1967 жылы туған зардап шегуші облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелге екі аяғының ығыспай сыну диагнозы қойылған. Науқас ауруханаға жатудан бас тартқан, сондықтан оған гипс салынып, үйіне жіберілгені айтылды.