Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері есірткіге қарсы күрес мәселелерін талқылады
ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері есірткіге қарсы күрес мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Комитет мүшелері Ақмола облысы Аршалы ауданындағы №2 түзету мекемесінің жұмысымен, жазасын өтеп жатқан адамдардың жай-күйімен танысты», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар депутаттар Қарағанды қаласындағы отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығына, облыстық ПД кинология орталығына, әділет органдарына тиесілі сараптама орталығына барды.