Бір айда 17 рет ереже бұзған: Астана полициясы төленбеген айыппұлдары бар жүргізушілерді тоқтатты

Автор: Аманалина Тоғжан

Елордада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Фото: Polisia.kz

Қауіпсіз қоғам құруға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында елордада екі күн ішінде әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 11 көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Операция барысында полиция қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. Шетелдік көлік жүргізушісі бір айда 17 рет жол жүрісі қағидасын бұзған. Оған шамамен 190 мың теңгеге айыппұл салынған.

Көрші мемлекетте тіркелген Toyota автокөлігінің жүргізушісі қыркүйек айынан бастап 13 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Ер адамда шамамен 150 мың теңге төленбеген айыппұл бар.