«Алматы-Астана» бағытында қосымша пойыздар іске қосылады

Автор: Аманалина Тоғжан

Қосымша пойыздар жаңа жылдық кезеңде қосылады

Фото: sputnik.kz

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте «Алматы-Астана» бағытында қосымша пойыздар қосылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматыдан Астанаға дейін билеттер жоқ. Билетті сату мерзімі 45 күн бұрын ашылады. Өздерінің сапарын жоспарлаған адамдар билетті 40-45 күн бұрын сатып алады. Қазір бұл жағдайға байланысты біз жаңа жылдық кезеңге «Алматы-Астана» бағытына қосымша пойыздарды қосамыз», - деді Сауранбаев.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ