Газада 7 қазаннан бастап 60 журналист қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың арасында 4 әйел бар

7 қазанда басталған Израиль мен Палестина арасындағы қанды қақтығыстан 60 БАҚ өкілі қайтыс болды.  Бұл туралы Газадағы Палестина Үкіметінің Медиа кеңсесінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Анадолу» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қайтыс болған журналистердің арасында 4 әйел бар.

Мәлімдемеде қаза тапқан кейбір БАҚ өкілдері Израиль армиясының зымырандарына тікелей тап болды, ал кейбіреулері әуе шабуылдары кезінде үйлерінің қирауынан отбасыларымен бірге қаза тапты делінген.