Астанада 67 учаскеде интернет сапасы нашар

Автор: Аманалина Тоғжан

Оның ішінде 26 мекенжай бойынша базалық станциялар орнатылған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитеті байланыс саласындағы бақылау басқармасының басшысы Диас Төлегенов «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы тақырыбында өткен брифингте интернеті нашар учаскелер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Жыл басында Астана қаласы бойынша өлгем жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде байланыс сапасы өте нашар 67 локация анықталды. Яғни мұнда байланыс жоқ немесе талаптарға сай келмейді. Осы жыл ішінде бұл учаскелер бойынша жұмыс жүргізілді», - деді Диас Төлегенов.

Оның айтуынша, байланыс сапасы өте нашар учаскелер елорданың Нұра және Есіл аудандарында орналасқан.

«26 мекенжай бойынша монтаж жұмыстары жүргізілді, 6 учаскеде келісімшарттарға қол қойылды. Тағы 16-сында тұрғындардың алдын ала келісімі бар, мұнда қол жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 15 тұрғын үй кешені бойынша BI Group жұмыс жүргізуде, ал 6 мекенжай бас тартты», - деп нақтылады спикер.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ