3 мың ауылда талшықты-оптикалық байланыс желісі орнатылады
ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитеті сымсыз байланыс жобаларды дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы Олжас Кабенов «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында ауыл мен қала арасындағы теңсіздік қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында ауылдық елді мекендерді тиісті оптикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. Урбанизация мен экономикалық орындылықты ескере отырып, талшықты-оптикалық байланыс желілерін 3000 ауылдық елді мекенге жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, ADSL технологиясы дауысты және деректерді 10 Мбит/сек жылдамдықпен қарапайым «мыс» телефон арналары арқылы бір уақытта жіберуге мүмкіндік береді, бұл қазіргі уақытта абоненттердің қазіргі қажеттіліктеріне сәйкес келмейді. Осыған байланысты, ADSL (мыс сымдар бойынша) технологиясын Интернетке кең жолақты қолжетімділіктің жоғары жылдамдықты технологияларына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады». – деді ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитеті сымсыз байланыс жобаларды дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы Олжас Кабенов.
Әкімшілік-аумақтық объектілердің статистикасына сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 6 290 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде 4 858 (76%) Интернетке мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ 6 290 АЕМ-нің 4 664 АЕМ-де тіркелген Интернетке қолжетімділік бар, оның ішінде 2 063 АЕМ ADSL технологиясы бойынша, ал 2 601 АЕМ оптика арқылы қосылған.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ