Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Синоптиктер бүгінге, 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман және қатты жел болу ықтималдылығы жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.
«Антициклонның жүруіне байланысты тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.
Болжамға сәйкес, жалпы республикамыз бойынша тұман, қатты жел көрініс табатыны айтылады.